Accessibility links

Жапония министрі Ресеймен арадағы даулы аралдарға барды


Жапония сыртқы істер министрі Сейджи Маехара сенбі күні Ресеймен арадағы даулы аралдарға ұшып барды. Бұл аралдарды Жапония өзінің солтүстік аймақтарына жатқызады, ал Ресей болса оны оңтүстік Куриль аралдары деп атайды.

Осыдан бір ай бұрын аталмыш аралдарға Ресей президенті Дмитрий Медведевтің баруы екі ел арасындағы шиеленісті одан сайын ушықтыра түскен болатын.

Маехара өзімен барған журналистерге Токио Ресеймен даулы аралдардың болашағы туралы мәселені нақты талқылап алуды қалайды деп мәлімдеді.

Екінші Дүниежүзілік соғысының соңғы күндерінен бастап бұл аралдарды Ресей өз бақылауына алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG