Accessibility links

Израилдегі өрт 3-ші күнге жалғасты


Израиль күштері мен халықаралық өрт сөндірушілер Израиль тарихындағы ең жаман өртпен күресін жалғастырып жатыр. Ел билігі тілсіз жау әлі ауыздықталмады деп айтты.

Израилдің солтүстігіндегі таулы аймақта үшінші күнге жалғасқан алапат өрт 40-тан аса адамның өмірін әкетті. Израиль үкіметі өрт сөндірушілер тілсіз жауды әне-міне өшіреді деген оптимизм танытқанымен, қатты соққан жел оны ушықтырып отыр.

Израиль полициясы бұл өрттің шығуына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 16 жастағы екі бозбаланы ұстаған.

Ресей, Түркия, Грекия, Британия және Франция өртпен күресу үшін Израилге әуе ұшақтарын жіберді. АҚШ, Испания және Әзірбайжанның өрт сөндіруші ұшақтары да Израилге көмек көрсетуге шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG