Accessibility links

Уикиликс: Google-ға шабуылдың артында Қытай жетекшілері тұруы мүмкін


АҚШ дипломаттарының құпия мәліметтерін жариялап жатқан "Уикиликс" сайтының жазуынша, осы жылдың басында шабуылға тап болып, Қытайда интернет байланысы үзілген Google-ға қарсы нұсқауды Қытайдың жоғары ресмилері берген болуы мүмкін.

"Уикиликстің" шығарған мәліметтерін басқан The New York Times басылымы Google-дың кибер шабуылға ұшырауы Қытай мемлекеттік ақпарат кеңсесіндегі өкілдердің үйлестірумен жасалған болуы мүмкін деп жазды.

Әлемдегі ең ірі интернет желісінің Қытайдағы қызметі наурыз айында кибер шабуылға тап болып, онда қытайлық адам құқын қорғаушылардың электорндық пошталары нысанаға алынған. "Уикиликс" сайты АҚШ дипломаттарының 250 мыңдай жасырын құжаттарын қоғамға жариялап келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG