Accessibility links

Туту мен Гавел Қытайды Нобель лауреатын босатуға шақырды


Архиепископ Десмонд Туту мен Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел Қытай билігіне қайрылып, қамаудағы демократияшыл диссидент Лю Сяобоны осы жылдың Нобель бейбітшілік сыйлығын қабылдап алу үшін босатуға шақырды.

Британияның Observer газетінде жарық көрген үндеулерінде Туту мен Гавел Людің қамауда отыруы мен адам құқықтарының шектелуімен Қытайға әлем жетекшілерінің бірі ретіндегі сенім азаяды деген.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, Оңтүстік Африканың архиепископы Туту Десмонд пен бұрынғы коммунистік Чехословакия режиміне қарсы күрескен диссидент Вацлав Гавел өз хаттарында, әлем елдерін адам құқықтарынан да экономикалық өсімді жоғары қойған Қытайдың даму үлгісінен бас тартуға шақырды.

Қытай билігі Лю Сяобоны 2008 жылғы наразылық шарасына қатысты мемлекетке қауіп төндірген қылмыскер деп, 11 жылға түрмеге жапқан.
XS
SM
MD
LG