Accessibility links

Мысырда оппозиция сайлауға бойкот жариялап отыр


Мысыр президенті Хосни Мүбарак жетекшілік ететін партия елдегі парламенттік сайлаудың екінші турында бір өзі жеңіске жетеді деп күтіліп отыр.

Елдегі оппозициялық екі партия дауыс берулерге қатысудан бас тартқан соң, Мүбарактың ұлттық Демократиялық партиясы еш кедергісіз жеңіске жетпекші.

Оппозициялық «Мұсылман ағайындар» партиясы мен «Уафт» партиясы қарашаның 28-дегі сайлаудың алғашқы туры заңбұзушылықпен өтті деп бүгінгі дауыс берулерге бойкот жариялап отыр.

АҚШ пен Мысырдағы және халықаралық адам құқын қорғаушы топтар сайлаудың алғашқы сатысында әділетсіз сайлау алды науқан болғанын, оппозицияны нысанаға алған қақтығыстар болғанын айтады.

Қарашаның 28-дегі сайлауда билеуші партия парламенттегі 200-ден аса орынды иеленіп, азшылық оппозиция күштері мен тәуелсіз депутаттарға 12 орын тиген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG