Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанға 678 млн.доллар қайырымдылық көмек қажет


Жексенбі күні БҰҰ жеті миллиондай тұрғыны құрсағы тойып тамақ ішпейді деген алаңдаушылықпен Ауғанстанға 678 миллион доллар қайырымдылық көмек керек деді.

Ұйымның төтенше көмектерді үйлестірушісі Кэтрин Брэгг 2011 жылғы қажеттіліктер туралы айта келе, Ауғанстанға қайырымдылық көмегі адамгершілік тұрғысынан қайта қаралса деген үмітін білдірді.

Осыған дейін ауған халқына берілген көмектер дұрыс емес бөлінді деген сындар айтылған. Ауғанстандағы әрбір бес баланың біреуі қарны тойып тамақ ішпеуден, денсаулығының нашар жағдайынан немесе соғыстағы қақтығыс салдарынан көз жұмып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG