Accessibility links

Иран ядролық келіссөздерге бір күн қалғанда уранды пайдаланды


Иранның ақпарат құралдары жексенбі күні хабарлағандай, Иран Ислам республикасы зауыттағы байыту жұмыстарына қажетті материал ретінде елде өндірілген уранды пайдаланатын болады.

Бұл Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде әлем жетекшілерімен келіссөздер қайта басталуға бір күн қалғанда болып отыр. Иранның атом істері жөніндегі агенттігінің басшысы Али Акбар Салехи бұл қадамды қоштап отыр.

Желтоқсанның 6-7 күндері Женевада Иранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты әлемдегі жетекші елдердің келіссөздері өтеді.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Теһран өзінің бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін алға тартады.
XS
SM
MD
LG