Accessibility links

Израильде ең ірі орман өрті сөндірілді


Израильдің солтүстігіндегі Хайфа қаласының маңындағы ел тарихындағы ең ірі орман өрті сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінің басшысы Шимон Ромахтың айтуынша, өрттің ошағы сөндірілген.

Израильге жалынмен күресуге Түркия, Грекия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Палестина көмектесті.

Тілсіз жаудан Израильде 41 адам қаза тауып, 17 мыңнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Кармель жотасында бес мың гектар жер жанып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG