Accessibility links

Иран араға жыл салып әлемнің ықпалды елдерімен кездеседі


Бүгін Женевада Иран мен әлемнің алты елі арасында келіссөздер өтеді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэртин Эштон Британия, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ елдерінің Иранмен келіссөздеріне жетекшілік етеді.

Батыс елдері Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалилимен өтетін екі күндік талқылауларда әлем елдері алаңдаушылық танытып отырған уран байыту жұмыстарынан бас тартуға Теһранды көндіруден үміттенеді.

Алайда Иран уран байыту жұмыстарын тоқтату жөніндегі ұсыныс талқыланбайды деген. Және ядролық қару жасамақ дегенді жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG