Accessibility links

WikiLeaks АҚШ-қа маңызды вебсайттар тізімін жариялады


"Уикиликс" сайты Вашингтонның АҚШ қауіпсіздігі үшін маңызды деп қарастыратын құпия вебсайттар тізімін жариялады.

2009 жылдың ақпанында мемлекеттік департамент АҚШ-тың елдегі және экономикалық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық саласына әсері болатын вебсайттар тізімін жасаған.

Ол тізімге басты байланыс жолдары, порттар мен минералды ресурстар және Аустриядан Жаңа Зеландияға дейінгі стратегиялық маңызы жоғары компаниялар енген.

"Уикиликс" сайты АҚШ дипломаттарының 250 мыңдай жасырын жазбаларын қоғамға жариялап келеді. АҚШ билігі олардың көбісі құпия мәліметтер екенін айтып, сайттың әрекетін заңсыз деп айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG