Accessibility links

Пәкістанда жанкештінің шабуылынан 28 адам қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысында үкіметке жақын тайпа ақсақалдарының кездесуі өтіп жатқанда жанкештінің жарылысы болып, 28 адамның өмірін қиды. Тағы 50 шақты кісі жарақат алды деп хабарлады жергілікті үкімет өкілдері.

Екі шабуыл Ауғанстанмен шекаралас Мохманд қаласында болған.

Билік өкілдерінің айтуынша, жанкештінің бірі жиын өтіп жатқан жерді нысанаға алған. Екіншісі осы ғимараттың сыртында жарылыс жасаған. Шабуылдарға жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.
XS
SM
MD
LG