Accessibility links

Женевада Иранның ядролық мәселесі талқылануда


Иран мен әлемнің 6 алпауыт елі бүгін Женевадағы келіссөздерін жалғастырады. Хабарларға қарағанда, келіссөздердің алғашқы күні "конструктивті" болған.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ираннан уран байтуын тоқтатуды талап етуде.

Сейсенбі күні Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әлемнің алпауыт елдерін батылдық көрсетіп, Теһранның ядролық отын жасау құқығы бар екенін мойындауға шақырды.

Женевадағы келіссөздерге Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Саид Жалили мен Британия, Қытай, Франция, Германия, Ресей және АҚШ өкілдері қатысып жатыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG