Accessibility links

19 ел Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыспайды


Норвегиялық Нобель комитетінің хабарлауынша, Қытай мен 18 ел жұма күні өтетін Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысудан бас тартқан. Биыл бұл сыйлық түрмеде отырған қытайлық диссидент Лю Сяобоға берілетіні жарияланған болатын.

Ауғанстан, Иран, Ирақ, Қазақстан, Пәкістан, Ресей, Сербия, Украина және тағы басқа елдердің елшілері "әртүрлі себептермен" желтоқсанның 10-дағы салтанатқа қатыса алмайды делінген аталмыш комитеттің мәлімдемесінде.

Ал Қытай сыртқы істер министрлігі Лю Сяобоның Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығымен марапатталуын қолдаушыларды "клоун" деп атады. Қытай Ослодағы салтанатты болдырмау мақсатында қарқынды науқан бастаған болатын.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG