Accessibility links

Ресейдегі қаланың әкіміне шабуыл жасалды


Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы қаланың әкімі соққыға жығылған соң ауруханаға түсті деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.

Рязань облысындағы Новомичуринск қаласының мэрі Елена Шумилованы сейсенбіге қараған түні белгісіз адамдар ұрып кеткен. Шумилованың басына зақым келіп, мұрны сындырылған. Билік орындары бұл оқиғаға байланысты тергеу ісін бастады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG