Accessibility links

НАТО Балтық елдерін қорғау жоспары туралы айтты


НАТО альянс пен Ресей бір-біріне қауіп төндірмейді деп қайталап айтты.

Атышулы WikiLeaks жариялаған құпия мәліметтерге қарағанда, 2008 жылғы Ресей-Грузия соғысынан кейін НАТО Балтық елдері мен Польшаны қорғау туралы жоспарын кеңейтуге келіскен. НАТО басшылары бұл жоспарды осы жылы мақұлдаған көрінеді.

НАТО баспасөз хатшысы Эстония, Латвия, Литва және Польша елдерін қамтитын жоспар туралы хабарды растамады. Бірақ ол НАТО барлық одақтастарын әрдайым қорғайды және болашақта да солай жасайды деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG