Accessibility links

Джулиан Эссанж WikiLeaks-ке қатысты мәлімдеме жасады


WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Эссанж өз сайтын қорғап, баспасөз бетінде мәлімдеме жасады.

Аустралияның негізгі басылымдарының бірінде бүгін жарыққа шаққан мақалада, Эссанж демократия билікті бақылап отыратын мықты БАҚ-ты қажет етеді деген ойын айтады.

Эссанждың пікірінше WikiLeaks - дәл осы қызметті атқарып отыр. Ол сондай-ақ, сайтта жарияланған құпия құжаттар АҚШ мүддесі мен жекелеген адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деген пікрімен де келіспейтіндігін атап өткен.

Джулиан Эссанж сейсенбі күні Ұлыбританияда ұсталды. Енді ол желтоқсанның 14-інде өтетін сот тыңдауларына дейін қамауда болады.
XS
SM
MD
LG