Accessibility links

Ресей Кеден одағынан бөлек ДСҰ-ға қосылатын болады


Кеден одағының мүшесі Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына жеке қосылатын болады.

Бұл туралы Ресей президенті Дмитрий Медведев 7-ші желтоқсан күні «Ресей-Еуроодақ» саммитінен кейін мәлімдеді.

Оның сөзінше бұл екі мәселе бір-біріне қайшы келмейді. "Одақтар көп болуы мүмкін, бірақ ДСҰ жалғыз", - деді Медведев.

Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, келесі жылы Ресейді ДСҰ-ның мүшесі ретінде көргісі келетіндігін айтты.

Ресей Еуроодақпен ДСҰ-ға қосылу бойынша келіссөздер жүргізуді аяқтады. Қазақстан да жыл соңына дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отыр. .
XS
SM
MD
LG