Accessibility links

Депутаттар өздерін мазақтады деген БАҚ-қа шара қолдануды сұрайды


Депутаттарды «мазақтап», оларды қаңғыбастар мен жезөкшелермен бір қатарға қойған БАҚ-қа қатысты шара қолдануы керек. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан пленарлық отырыста мәлімдеді.

Байланыс және ақпарат министрінің атына депутаттық сауал жолдаған ол, ЕҚЫҰ саммитінің қарсаңында депутаттар сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға кеткендігін еске салды. «…Ал кейбір БАҚ-та жезөкшелер мен қаңғыбастармен қатар депутаттар да аталды. Мұны ұят және әдепсіз деп есептеймін. Ақпарат құралдары бізді осындай санатпен бірге атауға қалай жол береді, біз халық қалаулылары емеспіз бе?!», - деді Бекболат Тлеухан.

Ол сондай-ақ, кей БАҚ-тар біздің айтқан депутаттық ескертулерімізді айтып, мазақ қылады. Мысалы, КТК телеарнасы, деп атап өтті. Оның сөзінше, телеарнаның кей журналистері, әсіресе Артур Платонов депутаттарды мазақтауды әдетке айналдырған, сондықтан осыған қатысты "шара қолдануды сұраймын", деді депутат Бекболат Тлеухан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG