Accessibility links

Қытай бейбітшілік бойынша өзінің жеке сыйлығын бермекші


Қытай бейбітшілік бойынша өзінің жеке сыйлығын бейсенбі күні тапсырмақшы. Ал жұма күні Ослода қытайлық диссидент Лю Сяобоны Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарларға қарағанда, Қытай бейбітшілік жөніндегі өзінің сыйлығын бұрынғы Тайвань вице-президенті Лиен Чанға беретін болады. Чан Тайвань мен Қытайдың қарым-қатынастарын жақсартқаны үшін марапатталмақшы. Сыйлықпен бірге оған 15 мың доллар беріледі.

Қытай билігі Ослодағы салтанатты болдырмау мақсатында қарқынды науқан жүргізіп келді. Бейжің басқа елдерді Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын тапсыру рәсіміне бойкот жариялауға шақырды. Людің әйелі үйқамақта отыр.

Норвегиялық Нобель комтетінің хабарлауынша, Қытай мен 18 ел, оның ішінде Қазақстан да жұма күні өтетін салтанатқа қатысудан бас тартқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG