Accessibility links

WikiLeaks: Ливия Британияға ескерту жасаған


WikiLeaks жариялаған құпия мәліметтерге қарағанда, Британия үкіметі егер Локкерби оқиғасындағы негізгі айыпталушы түрмеде қайтыс болса Ливия Ұлыбританияға қарсы қатаң шара қолданар еді деп қауіптенген. 2009 жылғы мәліметтерге сәйкес, Ливиядағы АҚШ дипломаты Гене Кретц Ливия ресми өкілдері егер Абдел әл-Меграхи Шотландия түрмесінен босатылмаса, Лондонмен саяси қарым-қатынастарын үзетінін ескертті деп жазған көрінеді.

1988 жылы Локкерби қаласының үстінен ұшып бара жатқан ұшаққа шабуыл жасалып, бортындағы 259 адамның барлығы құрбан болған еді. Әл-Меграхи осы оқиғаға байланысты қамауға жабылған жалғыз кісі тұғын.
XS
SM
MD
LG