Accessibility links

Мәскеуде бүгін Кеден одағы мен ЕурАзЭҚ саммиті өтеді


Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтетін Кеден одағы және мемлекетаралық Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінің саммитіне қатысады.

Жоспарға сәйкес, алдымен Қазақстан, Ресей және Белорусия басшылары Кедендік одаққа қатысты мәселелерді талқылап, бірқатар келісімдерге қол қояды.

Кейін олардың қатарына Қырғызстан, Өзбекістан және Тәжікістан жетекшілері қосылып, Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдірінің арасындағы көлік және коммуникация саласындағы мәселелерді талқылайды. Бұл туралы Ресей президентінің әкімшілігінен хабарланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG