Accessibility links

Астанада Мейірманов пен Шейнкманға қатысты сот басталды


Бүгін Ақмола гарнизонының әскери сотында Қорғаныс министрлігінің шағымына қатысты Мейірманов пен Шейнкманға қатысты сот отырысы басталды. Министрлік олардан 14 миллиард теңге өндіріп алуды талап етіп отыр.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Әскери соттың хабарлауынша, шағым қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Қажымұрат Мейірмановқа, израильдік бизнесмен Борис Шейнкманға және тағы да 21 адамға қатысты болып отыр.

Осы жылдың ақпан айында Ақмола гарнизонының әскери соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Қажымұрат Мейірмановты 11 жылға түрмеге жауып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Дәл осындай үкім Израиль азаматы Борис Шейнкманға да шығарылды.

Мейірмановқа жемқорлыққа барды деген айыптар тағылды. Әскери сот сондай-ақ Мейірмановты генералдық атағынан және мемлекеттік сыйлықтарынан айыру жөнінде шешім шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG