Accessibility links

Tрансперенси: әлем тұрғындарының төрттен бірі пара береді


Әлем тұрғындарының төрттен бірі жылына ең болмағанда бір рет пара береді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Transparency International ұйымының жариялаған жыл сайынғы баяндамасында айтылған.

Баяндамада, пара беру фактісі Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде ең көп тіркелетіндігі жазылған.

Бұрынғы совет үкіметінің құрамында болған мемлекеттерде тұрғындардың 32 пайызы пара береді екен.

Балқан елдері мен Түркияда бұл көрсеткіш 19 пайызды құраса, Еуропалық Одақ пен Солтүстік Америкада - 5 пайыз.Бүгін - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

2004-ші жылдан бері 9-шы желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып келеді.
XS
SM
MD
LG