Accessibility links

Саясаткер төрт жыл бұрынғы мақаласы үшін сотқа шақырылды


Бүгін кешке Алматы қаласының Медеу аудандық сотында оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот процесі басталады хабарлады Азаттық тілшісі.

Қуанышалиннің түсіндіруінше, шағым иесі Қаскелең тұрғыны Сейіткерім Қожаназаров 2006 жылы «Эпоха» газетінде жарияланған «Законы пишутся не для Назарбаева» атты мақалада жазылған төрт сөйлем өзінің ар-намысына нұқсан келтіргенін айтып, саясаткерді Қылмыстық кодекстің 129,130-ші баптарының 2-ші тармағы бойынша жауапқа тартуды талап етіп отыр екен.

Еске сала кетсек, Қожаназаров 2006 жылы да Назарбаевтың ар-намысына нұқсан келтірді деп саясаткер Қуанышәлинді «Қазақстанда, қазақтарда ешқашан шекара болмаған. Бүгінгі таңда сызылған шекарада мемлекеттік деген мүлде болмаған» деген президенттің сөзі үшін сотқа бергеніне қарсы шағымданған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG