Accessibility links

Қытай өзінің бейбітшілік сыйлығын тапсырды


Нобель комитеті қытайлық диссидент Лю Сяобоға бейбітшілік сыйлығын ұсынып отырған тұста, бүгін Қытай өзінің бейбітшілік сыйлығын тапсыру шарасын өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырушылар "Конфуций бейбітшілік сыйлығын" Тайванның бұрынғы вице-президенті Лиен Чанға беріп отыр. Бұл сыйлық оған Тайвань мен Қытай арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін ұсынылды.

Бірақ Тайбэйдегі Лиеннің кеңсесі бұл туралы жаңалықтан бейхабар екендерін, оның Бейжіңге сапары жоспарланбағанын айтты. Лиеннің орнына ол сыйлықты бір жас қыз келіп алып, 15 мың доллар сыйақысын қабылдап алған.

Қытай Нобель комитетінің түрмеде отырған диссидент Лю Сяобоға бейбітшілік сыйлығын ұсынғанын айыптап, бірқатар елдерді Ослодағы марапаттау шарасына бармауға көндірген. Оның ішінде Қазақстан дипломаттары да Нобель сыйлығын тапсыру шарасына қатыспайтын болды.

Жұма күні өтетін ол шараға қатысудан Қытаймен бірге 18 ел бас тартты.
XS
SM
MD
LG