Accessibility links

Ауғанстанда НАТО сарбазы қаза тапты


Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі бүлікшілер шабуылынан НАТО-ның бір әскері мерт болды.

Солтүстік альянс ол сарбаздың қай елден екенін айтпады. Сәрсенбі күні Бағдис провинциясындағы әуе шабуылдарында НАТО өз күштерінің бірнеше бүлікшіні өлтіргенін хабарлаған.

Әскерилер бұл әуе соққысы талибан жетекшісін нысанаға алғанын айтқан. Бірақ шабуылда қаза тапқандар арасында талибан қолбасшылары бар-жоқтығы белгісіз. Тәліптер оған қатысты мәлімдеме жасамады.
XS
SM
MD
LG