Accessibility links

ХВҚ: Биыл Қазақстанның ЖІӨ 5,5 %-ға өсуі мүмкін


Халықаралық валюта қоры 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көлемінің өсуі 5,5 пайызды құрайды деп жорамалдайды.

Халықаралық қаржы институтының Қазақстанда болып қайтқан миссиясының есебіне сәйкес, 2011 жылы жалпы ішкі өнім 5 пайызға өсуі ықтимал.

Валюта қорының бағалауы бойынша, ғаламдық экономика сияқты Қазақстан экономикасының халі де оңала бастады.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуіне негізінен шикізат өндірісі және оған қызмет көрсететін салалар, оның ішінде көлік пен байланыс үлес қосыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG