Accessibility links

Лондонда ханзада Чарльзге шабуыл жасалды


Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон бейсенбі күні кешкісін Лондонның орталығындағы жаппай бейберекет кезінде британ тағына мұрагер ханзада Чарльздің автокөлігіне қарсы жасалған шабуылды «шошытатын және өкініш айтатын жайт» деп сипаттады.

Ағылшын премьері автокөлікке шабуыл жасағандарды полиция түгел жауапқа тартуға тиіс деп мәлімдеді.
Ханзада Чарльз бен оның зайыбы зардап көрген жоқ.

Университеттердегі оқу бағасының өсуіне қарсы көтерілген наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Шерушілер қаржы министрлігі мен Жоғарғы сот ғимараттарының көшеге қараған беттерін бұзып, дүкендердің терезелерін қиратты.

Қақтығыс кезінде 12 полицей мен шеруге шыққан 40-тан астам адам жарақаттар алды.

Бейсенбі күні британ парламенті оқу бағасын үш есе көтеру туралы шешім қабылдады. Енді 1 жылдық оқудың бағасы 9 мың фунт стерлингті құрайды.
XS
SM
MD
LG