Accessibility links

Мьянма билігі өсек-аяңды теріске шығарды


Мьянманың қазіргі билігі әскери және ядролық нысандарын тұрғызу үшін Солтүстік Кореяның мамандарын шақыруы ықтимал. WikiLeaks интернет-ресурсы жариялаған Мемлекеттік департаменттің құпия құжаттарының кезекті топтамасында осылай делінген.

Дипломаттардың хаттарында беймәлім куәгерлердің Мьянма елінің орталығындағы Минбу қаласында жерден әуеге соққы беретін «жер-әуе» соғыс зымырандарының шығарылатынын хабарлаған сөздері келтіріледі. Қайсыбір ядролық нысанның салынғаны туралы өсек-аяң да айтылады.

Мьянма билігі ядролық технологиялар саласында өзінің Солтүстік Кореямен бірлесіп іс-әрекет жасауы мүмкін деген жорамалды теріске шығарды.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG