Accessibility links

Иран: БҰҰ ғалымның өлтірілуін айыптауы тиіс


Иран БҰҰ-нан өткен айда ирандық ядролық ғалымға жасалған қастандықты айыптауды талап етуде.

Иранның БҰҰ-дағы елшісі Мохаммад Хазаи халықаралық ұйымға жолдаған хатында "лаңкестік шабуылдар" Теһранның бейбіт ядролық бағдарламасын тоқтатуға бағытталған еді бірақ олардың көздеген мақсаты жүзеге аспайды деп атап көрсетті.

Қараша айында Иран астанасындағы жарылыстардан Мажид Шахрияр қаза тауып, тағы бір ғалым Ферейдун Аббаси жарақат алған болатын. Иран бұл шабуылдарға байланысты Израиль мен Батыс елдерін айыптап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG