Accessibility links

Беларусь президенті билікте қалатынына сенімді


Беларусь президенті Александр Лукашенко осы айдағы президент сайлауы оның билігін әлсіретуі мүмкін деген пікірді жоққа шығарды. Кремльдегі журналистің билік өзгеруі мүмкіндігі жөніндегі сұрағына Лукашенко "Қандай саяси өзгерістер? Сіз нені ишаралап отырсыз? Сіз менен жалыққансыз-ау деймін" дей келе, "Саяси өзгерістер міндетті түрде болады. Сіз жалпы саяси өзгерістер туралы сұрадыңыз деп ойлаймын. Бірақ Беларусте билік өзгермейді" деп жауап берді.

Желтоқсанның 19-дағы президент сайлауында Лукашенко төртінші мерзімге сайлануды көздеп отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларустегі сайлауларды ешқашан ашық және әділ деп бағаламаған.
XS
SM
MD
LG