Accessibility links

Ирандық белгілі журналист 16 айға түрмеге жабылды


Иранда реформашыл журналист өзінің президент Махмуд Ахмадинежадқа тіл тигізді және ислам билігіне қауіп төндірді деген айыптармен 16 айға түрмеге жабылғанын хабарлады.

AFP ақпарат агенттігіне жексенбі күні берген сұқбатында белгілі журналист Машалла Шамсолваезин өзінің шетелдік ақпарат агенттіктеріне сұқбат бергені үшін бір жылға абақтыға жабылғанын айтқан. Және оған тағы төрт айлық түрме жазасы "әл-Арабия" телеарнасына берген сұқбатында Ахмадинежадты «мегаломаньяк» деп атағаны үшін берілген. Оның сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым беруіне 20 күн уақыты бар.

Шамсолваезин Ирандағы журналистер қауымдастығының басшысы әрі реформашыл басылымдардың редакторы болған.
XS
SM
MD
LG