Accessibility links

Алаяқтық жасады деп сотталған Мэдоффтың ұлы асылып қалған


АҚШ-та алаяқтық жасағаны үшін 150 жылға түрмеге жабылған қаржыгер Бернард Мэдоффтың ұсталғанына екі жыл толған сенбі күні оның баласы өз үйінде асылып өлген.

46 жастағы Марк Мэдоффтың мәйітін туыстары Нью-Йорктегі үйінен тапқан. Әкесі Мэдоффтың ісіне қатысты баласы Марк те тергеуде болған, бірақ оларға айып тағылмаған.

Бернард Мэдофф АҚШ-та мыңдаған банк инвесторларының 65 млд доллар қаржысын алаяқтықпен алған деп ұзақ мерзімге сотталған.
XS
SM
MD
LG