Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда 6 шетелдік әскер қаза тапты


Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық күштер хабарлағандай, елдің оңтүстігіндегі бүлікшілер шабуылынан 6 шетелдік әскер қаза тапты. НАТО өкілдері ол сарбаздардың қай елден екендерін жарияламай отыр.

Ауғанстаннның оңтүстігіндегі әскерлердің көбісі АҚШ жасақтары, бірақ аймақта басқа да елдердің аздаған күштері орналасқан.

Бүгінгі әскери шығындар Ауғанстанда қарашаның 29-да полиция сақшысының алты әскерді атып өлтірген оқиғасынан кейін болып отыр.
XS
SM
MD
LG