Accessibility links

Ричард Холбруктың денсаулығы әлі нашар


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі Ричард Холбруктың жағдайы ауыр.

Жексенбі күні Холбрукке екінші рет операция жасалды.

АҚШ өкілдерінің айтуынша, 69 жастағы Холбрук жұма күні АҚШ департаментінде жұмыс істеп отырғанда қатты ауырып, бірден ауруханаға жеткізілген.

Холбруктың жүрегімен тікелей байланысты қолқасындағы күре тамыры үзіліп кетіп, оған хирургиялық операция жасалған. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұр деген.
XS
SM
MD
LG