Accessibility links

Сот қорғаныс министрлігінің шағымын қанағаттандырды


Бүгін Ақмола гарнизонының әскери соты қорғаныс министрлігінің шағымын қанағаттандыру туралы үкім шығарды. Енді Қазақстанның бұрынғы қорғаныс вице-министрі генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов пен Израиль азаматы, кәсіпкер Борис Шейнкман және тағы 21 офицерден 14 миллиардтан астам теңгені (шамамен 95 миллион доллардан аса) өндіріп беруі тиіс.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қорғаныс министрлігі өкілі сотта, дәл осындай сома қорғаныс қару-жарақ техникасы бойынша жасалған келісім барысында Израиль жағына төленгендігін мәлімдеген. Ал кейіннен израильдік компаниялармен жасалған бұл келісімшарттар жарамсыз деп табылған екен.

Осы жылдың ақпан айында генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов пен израильдік кәсіпкер Борис Шейнкман 11 жылға бас бостандықтарынан айрылған болатын.Оларға Израильден қару сатып алу кезінде жемқорлық әрекетке барып, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG