Accessibility links

Досқалиев жұма күннен бастап жауап бере бастайды - адвокат


Денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиев тергеудің айғақтарын жоққа шығаратын жауаптарын шамамен жұма күні бере бастайды. Бұл туралы оның адвокаты Эдуард Шомпиевке сілтеме жасап "Новости-Казахстан" агенттігі хабарлап отыр.

«Бүгін біз оған (Досқалиевке) барамыз, іс аяқтауға жақын, бұл туралы тағайындалып жатқан сараптамалардан айтуға болады. Қалай болғанда да біз тергеудің айғақтарын жоққа шығаратын жауап беруге дайынбыз, барлығы оның денсаулық жағдайына байланысты», - деді Шомпиев агенттіктің тілшісіне.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау экс-министрі жауапты шамамен жұмадан бастап береді.

Шомпиев Досқалиев әлі өзін нашар сезінетінін жеткізді. «Жарты-бір сағат онымен сөйлесе аламыз, сонан соң оның басы айнала бастайды», - деді адвокат.
XS
SM
MD
LG