Accessibility links

Ақ жол партиясы “Алашорда “ күнін атап өтуді ұсынып отыр


Ақ жол демократиялық партиясы желтоқсанның 13-і күнін “Алашорда “ күні деп атауды ұсынып отыр.

Дүйсенбі күні таратқан партияның мәлімдемесінде, 1917 жылдың 13 желтоқсанында тұңғыш Ұлт Кеңесі – Алашорда үкіметі құрылғандығы айтылған. "Алашорда үкіметі - қазақтың заманауи , демократиялық мазмұндағы тұңғыш үкіметі. 13 желтоқсан – қазақ тарихындағы ұлы күн",- деген мәлімдемеде үкіметке бірнеше ұсыныс атап көрсетілген.

1. 13 желтоқсанды ресми түрде “Алашорда “ күні деп атау.
2. Жыл сайын қараша мен желтоқсанда барлық оқу орындарында , мемлекеттік органдар мен әскери бөлімшелерде “Алаш тағылымдары “ айдарымен сабақ , дәріс , жиналыс , көрме т.б. шаралар өткізу.
3. Астанада “ Алашорда” аллеясын ашып , онда Алаш қайраткерлерінің ескерткіштерін орнату.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG