Accessibility links

Алматыда бірқатар әуе рейстері кейінге қалдырылды


Тұманның кесірінен Алматыда әуежайында бірқатар әуе рейстері кейінге қалдырылды. Бұл туралы бүгін «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, компания ауа райының қолайсыздығынан желтоқсанның 12-і мен 13-і күндері ұшақтарды кешіктіріп, ұшу тәртібін өзгертуге мәжбүр болған.

«Эйр Астана» компаниясының қызметкерлері барлық шараларды қарастырып, тезірек әуе қатынастарын қалыпқа келтіруге және жолаушыларға жағдай жасауға тырысып отыр», делінген хабарламада.

Хабарламада кешіктірілген немесе өзгертілген рейістердің саны нақтыланбаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG