Accessibility links

Қарағандыда коммунистік партия белсендісі босатылды


Бүгін Қарағандыда Қазақстан коммунистік партиясының белсендісі Андрей Цуканов тергеу изоляторынан босап шықты, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қарағандыдағы Ленин ескерткішінің көшірілуіне қарсылық білдірген Цуканов өткен аптада жеті тәулікке қамауға алынған еді. Ол ескерткіш маңындағы қабырғаға бояумен «Фашисты, оставьте Ленина» деген жазу жазған-тын.

Андрей Цуканов енді өзі жатқан уақытша тергеу изоляторының жағдайының нашарлығына қатысты тиісті органдарға шағым жазатындығын айтып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG