Accessibility links

Хорватияның экс-премьері Аустрияда ұсталды


Хорватияның бұрынғы премьер-министрі Иво Санадер өзіне тағылған жемқорлық айыптарын теріске шығарды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Аустрияда тұтқындалған Санадерді жексенбі күні Аустрияның судьясы тергеуге алды.

Хорватия үкіметі бұрынғы премьерді өзіне ұстап беруді өтініп Интерполға сұрау жолдаған болатын.

2003-2009 жылдары Хорватия үкіметін басқарған Иво Санадерге бірқатар мүлікті жекешелендіру туралы келісім-шарт жасау кезінде «қызмет бабы мен билік құзырын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылып отыр.

Иво Санадер өзіне тағылған айыптардың астарында саясат жатыр деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG