Accessibility links

Ош түбінде құпия қару-жарақ қоймасы аңғарылды


Қырғызстанның оңтсүтігіндегі Ош облысында жарылғыштардың мол қоры мен оқ-дәрі және қару-жарақ жасырылған қойма табылды.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, арнайы операция 12 желтоқсанға қараған түні Ош қаласының түбіндегі Онадыр ауылының маңайында жүзеге асырылды.

Бейресми мәлімет бойынша, қару-жарақ қоймасын ұйымдастырды деген күдікпен 2 күдікті тұтқындалды.

Онадыр ауылында негізінен өзбек ұлтының өкілдері түрады. Өткен маусым айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы ауыл жанжал ошақтарының бірі болыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG