Accessibility links

Иордания патшасы Иранмен жақындасқысы келеді


Иордания патшасы ІІ-Абдулла Иранмен арадағы қарым-қатынасын жақсартуды көздейтінін мәлімдеді. Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад кеңсесінің басшысымен кездесуі барысында ІІ-Абдулла осылай деп мәлімдеді.

Хабарға қарағанда, Иордания патшасы таяу уақытта ресми сапармен Теһранға келіп-қайту туралы Иран президентінің шақыруын қабылдады. Сапардың мерзімі нақтыланбады.

Иран билігінің жүргізіп отырған саясатына сын көзбен қарайтындардың бірі болып келген ІІ-Абдулла ресми Теһранның Таяу Шығыс аймағына деген ықпалының өсе түсуінен сескенетінін әлденеше рет мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG