Accessibility links

Ауғанстан: НАТО жауынгерлерін өлтірді деген күдіктілер ұсталды


Ауғанстандағы халықаралық күштердің басшылығы шетелдік 6 жауынгерді өлтірді деген күдікпен бірнеше кісінің ұсталғанын мәлімдеді.

Қастандық шабуыл жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар өлкесінде болды. Жарылғыш орнатылған автокөлік коалициялық күштер мен ауған әскері бірге орналасқан соғыс базасының маңында жарылды. Жарылыстан 2 ауған жауынгері мерт болды.

Осы аптада Вашингтон Ауғанстан проблемасын шешуге деген өзінің жаңа көзқарасын жариялауға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG