Accessibility links

Ресейде жаңа оппозициялық партия құрылуы мүмкін


Мәскеуде «Зұлымдық пен жемқорлықсыз Ресей үшін» коалициясының съезі ашылды. Коалицияның көсемдері мәлімдегендей, коалиция елдегі биліктің демократиялық жолмен ауысуын көздейді, деп хабарлады Азаттықтың жергілікті тілшілері.

Форумда сөйлегендер Ресейде жүйелі дағдарыстың кең тамыр жайғанын, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың тереңдей түсіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың жүйеге айналғанын атап көрсетті.

Съезде «Зұлымдық пен жемқорлықсыз Ресей үшін» атты халық бостандығы партиясын құру жоспарланып отыр.

Жаңа партия Мемлекеттік дума депуаттарын сайлауына қатысып, 2012 жылғы президент сайлауына өз үміткерін ұсынбақшы.
XS
SM
MD
LG