Accessibility links

Бүгін Лондон соты Джулиан Эссанж ісін қарайды


Бүгін Лондон соты өткен аптада ұсталған "Укиликс" сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанж ісін қарайды. Оның адвокаттары соттан Эссанжды кепіл ақшаға босатуды сұрамақ.

Джулиан Эссанжды қыз зорлады деп айыптаған Швейцария оның экстрадициялануын талап етіп отыр. Эссанж бұл айыпты жоққа шығарады.

Оның адвокаты Марк Стивенс "Аль-Джазира" теле арнасына берген сұхбатында, өзіндегі ақпаратқа сай АҚШ "Уикиликсте" жарияланған құпия құжаттарға байланысты Джулиан Эссанждың экстрадициялануын сұрап, өтініш дайындап жатыр дегенді айтты.

АҚШ "Укиликс" әрекеттеріне қатысты бірнеше рет сын айтқанымен, нақты Джулиан Эссанжға қатысты ешқандай айып таққан емес.
XS
SM
MD
LG