Accessibility links

Антарктидада суға кеткен теңізшілерді іздестіру тоқтатылды


Антарктика суында апатқа ұшырап, суға батып кеткен оңтүстіккореялық кеменің қалған 17 теңізшісін іздестіру тоқталды.

Кеме ішінде экипажбен қосқанда 42 адам болған. Олардың арасында он бір индонезиялық, он бір вьетнамдық, сегіз оңтүстіккореялық, сегіз қытайлық, үш филиппиндық және бір ресейлік азамат болған.

Кеме дүйсенбі күні Жаңа Зеландияның оңтүстігінде шамамен екі мың шақырымдай жерде суға кетті.
XS
SM
MD
LG