Accessibility links

Төрт жасар ұлын ұрып өлтірген ана ұсталды


Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өзінің төрт жастағы баласын ұрып өлтірген 26 жасар әйел ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзоваға сілтемей жасай отырып "Қазақстан жаңалықтары" хабарлап отыр.

Тоғызыншы желтоқсанда Қазықұрт аудандық ауруханасына 2006 жылы туылған бала денесінде көптеген жарақаттары бар, ес түссіз жағдайда жеткізілді. Бір тәуліктен кейін бала жан сақтау бөлімінде есіне келмей қайтыс болды.

Полицейлер 4 жасар баланың өліміне өз анасы кінәлі екенін анықтаған. Күдіктінің айтуынша, ұлының өліміне әкелген ұрып соғуына баланың тәртібінің нашарлығы себеп болған.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты Қылмыстық кодесінің 103-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG