Accessibility links

Алматыдағы тұман әуе рейстерінің ұшуын әлі де қиындатып тұр


Алматы әуежайында қатты тұманға байланысты бірқатар әуе рейстері өзгертіліп, кейінге қалдырылды. Бұл туралы «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Сейсенбі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, 14 желтоқсанда таңертең метеорологиялық көріну қабілеті қайтадан қатты төмендеді. Ол 50 метрден төмен. Ауа-райының қолайсыздығынан Алматыға қонатын және Алматыдан ұшып шығатын ұшақ рейстері кешігуге мәжбүр.

Қазіргі уақытта әуе компанияның 15 рейсі ұша алмай тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG