Accessibility links

Ақтобе - Астрахань мен Самара - Шымкент жолдары жабылды


Қазақстанның батысында Ақтобе - Астрахань мен Самара - Шымкент тас жолдары көлік қозғалысына жабылды. Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған осы өңірде жауған жаңбыр себеп болған.

13 желтоқсанда жаңбыр түрінде жауын жауып, соңынан екпінді жел тұрып, температураның күрт төмендеп кетуінен, аталған бағыттағы тас жолдарында көк тайғақ болды.

Жол үстіндегі жол көлігі оқиғалары салдарынан төрт адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG